Сабақты зерттеу арқылы оқытудың тиімділігі

2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының  “Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебі” КММ базасында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мен “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қолдауымен “Сабақты зерттеу арқылы оқытудың тиімділігі” тақырыбында республикалық семинары өтті.

Іс-шара қонақтарын оқушылардың түрлі бағыттарын көрсететін көрме қарсы алды – балалар гидро-, аэропоника, робототехника, авиаүлгілеу және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы өз жұмыстарын ұсынды. Семинар қонақтары “28 ілмек” тоқылған бұйымдарды жасау бойынша акцияға қатысу, түрлі техникада ағашпен жұмыс істеу, қолданыстағы авиаүлгілеуді, робот мен тұтас жүйелерді жобалау және дайындау: қоқысты сұрыптауға арналған зауыттың кішірейтілген моделі, ауа құрамы мен қоршаған орта ылғалдылығының роботтандырылған талдауышының моделі болсын, өсімдіктерді автоматты суару жүйелері және т.б. балалардың өз кәсібіне шынайы қызығушылығын атап өтті.

Семинар бағдарламасы мазмұнды болды – жетекші және серіктес мектептердің педагогтары постерлік презентацияда сабақты зерттеуде жинақталған тәжірибені ұсынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары С.С.Төлековамен және республиканың оқу ұйымдарымен телекөпір ұйымдастырылды: Павлодар облысы Железин ауданының “Еңбекші негізгі орта мектебі” КММ, Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған N8 орта мектебі” КММ, Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының орта мектебі” ММ, “Ақмола облысы Білім басқармасы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі” КММ, Қостанай қаласының “Ақ Нұр плюс” мектебі, 1 сыныпта сауаттылыққа оқыту сабақтары өткізілді (мұғалім Ш.Б. Есалиева), 4 сыныпта ағылшын тілі (мұғалімі Әміреева Ш.Қ.), 5-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті (мұғалімі Буркутбаева К.Е.), 6-сыныпта орыс әдебиеті (мұғалімі Закирина Д.К.), 8-сыныпта биология (биология пәнінің мұғалімі Н.С. Нуржанова).  8-сыныпта ағылшын тілін қолданумен физика пәнінен бинарлық сабақ өткізген серіктес мектептердің педагогтері (№10 МГ мұғалімдері Е.Г. Сафонова мен Н.К.Муханова ) және 3-сыныпта әдебиеттік оқу (№12 ОМ мұғалімі А.Т.Сапарова) №16 орта мектептің оқушыларының пәндік білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының жақсы деңгейін атап өтті.

“Шамшырақ” онлайн-алаңында трансляцияланған 7-сыныптағы алгебра сабағын ерекше атап өту керек – С.Т. Омарова педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті, сабақ жұмыс түрлері мен әдістерінің әртүрлілігімен ерекшеленді, оқушылар үлкен ықыласпен жұмыс істеді.

Семинар қонақтар мен қатысушылардың жоғары бағасына ие болды, ең басты мақсатқа қол жеткізілді – Lesson Study саласында тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім Беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері К.Г. Балғынбаева, Р.Б. Баганалинова.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.