«Сабақты зерттеу – оқытудағы табыстылық критерийі ретінде» атты қалалық семинар туралы ақпарат

2022 жылдың 23 ақпанында «Білім саласындағы зерттеулер» бөлімі нәтижелілігі төмен білім беру ұйымын тиімді басқару зерттеу жұмысы аясында  «Сабақты зерттеу – оқытудағы табыстылық критерийі ретінде» атты қалалық семинар өткізді.

Семинарда жүргізілген зерттеу жұмысының аралық талдау нәтижелері ұсынылып, талқыланды.

Бөлім басшысы Мухамеджанова А.Қ. қатысушыларды сауалнамада басымдылық көрсеткен проблемалық сұрақтармен таныстырды. Білім беру ұйымының нәтижелілігі тікелей білім сапасымен сипатталатынын айта отырып, зерттеу жүргізудің маңыздылығын,  мектеп әкімшілігінің назарын қажет ететін мәселелерін атап көрсетті. 

Сондай-ақ семинарда нәтижеліліктің жоғары болуына, әдіснамалық зерттеу жүргізгенде ғана қол жеткізуге болатыны туралы айтылды. Қатысушыларды әдіснамалық зерттеудің маңызымен, түрлері және бағыттарымен бөлім әдіскері А. Досмухамет таныстырды. Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, аралық зерттеу нәтижелері және сабақты зерттеу бойынша ұсынымдар айтты.

Жауап беру