Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызы

20.04.2022 ж. С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп- гимназиясында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумның мақсаты: Сабақта оқушының рухани-адамгершілік әлеуетін ашуға мүмкіндік беру.

Аталған іс-шараға Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер бойынша координатор Миралиев Б.К. және №92, №18, №62, №60,№65, №67 мектептерден қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар-практикум үш бөлімнен құрылды: шебер сабақтар, тәжірибелік алаң, кәсіби квест.  9 педагог шебер сабақ өткізсе, 6 топқа жіктелген әдітемелік бірлестік мұғалімдері тәжірибелік алаңда сабақта оқушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытатын әдіс- тәсілдерімен бөлісті. Іс-шара соңында ағылшын тілі мұғалімі Ермекбаева А.Б. семинар қатысушыларын 6 топқа бөліп, «Learnis» платформасымен кәсіби квест  жүргізді. Бұл ойынға педагогтер аса қызығушылықпен атсалысты.

Жоспарланған іс-шараның мазмұны толық ашылды және семинар өз мақсатына жеткенін, осындай іс-шаралар, кездесулер өте қажет екенін қатысушы педагогтер өз кері байланыстарында атап кетті. Семинар соңында Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер бойынша координатор Миралиев Б.К. мектеп ұжымына алғысын білдіріп, семинарға атсалысқан педагогтерге Білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттарын табыстады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.