«САПАЛЫ БІЛІМ: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ, БІЛІМДІ ҰЛТ»

2022 жылғы 17-18 мамыр  күндері  Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық   университетінде «САПАЛЫ БІЛІМ: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ, БІЛІМДІ ҰЛТ»  тақырыбындағы  арнайы   білім  беретін педагогтерге  арналған  республикалық ғылыми-практикалық  конференция өтті.

Бұл конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы білім беру саласының 200-ге жуық мамандары жиналды.

Конференцияда баяндама оқығандар:

1.      Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттык ғылыми-практикалық орталығының директоры – А.М.Кудеринова;

2.      Оңтүстк Қазакстан мемлекеттік педагогикалык университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор, Г.Д.Сүгірбаева;

3.      Солтүстік Қазакстан облысы әкімдігі білім басқармасының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және акпараттық технологиялар орталыгының директоры – Р.С.Сәркен;

4.      Ақтөбе обылысыныц ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері –  М.А.Раисова;

5.      «Асыл Мирас» орталығының директоры Н.А. Тортулова. Конференцияға қатысушылар №32 «Еркін» балабақшасында (сөйлеу функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) КММ, №28 «Гауһар» балабақшасында (сөйлеу функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) КММ, №37 «Айгерім балабақшасында (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған) КММ өткізілген практикалық сабақтарға қатысып, мамандар  өзара іс-тәжірибесімен алмасты. Практикалық  сабақтар  «Түрлі-түсті кинезология», «Сенсорлық интеграция», «Кинусайга»  әдісімен жұмыс жасау, «Мнемотехника: ертегілер еліне саяхат», «Квилинг» әдісімен жұмыс жасау және т.б. тақырыптарды қамтыды. Конференцияға қатысушалар ППТК №2, «Асыл Мирас» аутизм-орталықтарының жұмысымен танысып,  қонақтар үшін «Көне Шымкент қалашығына» саяхат ұйымдастырылды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.