«Шабыт» қалалық шығармашылық конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы аясында «Ұстаздың ұлы келбеті-Ыбырай» атты «Шабыт»  авторлық ән байқауы өткізілді.

«Шабыт» шығармашылық байқауы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген мақтаныш сезімін, тарихи мұраға құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ, Ыбырай Алтынсариннің зияткерлік және рухани әлеміне баулу, авторлық және патриоттық әндердің беделін арттыру; дарынды автор-орындаушыларды анықтау және қолдау; конкурсқа қатысушылардың орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 9 өтінім келіп түсті.

Байқауға педагог-музыканттар, әуесқой композиторлар қатысып, Ы. Алтынсарин өлеңдеріне өздерінің авторлық әндерін ұсынды.

«Ұстаздың ұлы келбеті-Ыбырай» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды марапаттауға шешім қабылдады:

«Шабыт» авторлық әндер байқауының жеңімпаздары:

  • Гран-при – Баударбекова Толғанай, жетекшісі – Едресов Қанат Уалиевич мектеп – лицей №70 (смарт сағат);
  • 1 орын – Ерназарова Айымгүл Ғалымжанқызы, орта мектеп №49(бумбокс);
  • 2 орын – Тілепберген Хақназар Серікболұлы, жетекшісі – Кикимов Даулеткерей  Аблахатулы, мектеп – гимназия №78 (наушник);
  • 3 орын – Бақталант Ұлықпанұлы, гимназия №90, Мустафина Айкен Каримовна, мектеп – лицей №72 (арнайы приз).

Конкурс спонсорлары: «Clean City NC» ЖШС, Республикалық қоғамдық бірлестік, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Оператор РОП» ЖШС.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.