SHARE халықаралық жобасы

2021 жылғы 24 қыркүйекте Кембридж университетінің Білім беру факультеті мен SHARE халықаралық жобасының желілік үйлестірушілері 8 мектептен тұратын (№№50,53,56,66,70,72,73,74) 2-топ қатысушыларына арналған оқыту вебинарын өткізді.

Вебинарға 50-ден астам мұғалім қатысты.

Қатысушыларға ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды, сондай-ақ қарашада болатын мини-конференцияға дайындық бойынша талқылау жүргізілді.

Оқыту вебинары барысында қатысушылар бірнеше рет сессия залдарына бөлінді, онда желілік үйлестірушілер келесі тақырыптар бойынша талқылау өткізді Padlet тақтасында бөлісті:

– 2021 жылғы қарашада мектеп қай жерде болғысы келеді?;

– қолайлы жағдайлар;

– оқыту мен оқудың педагогикасы;

– көшбасшылық пен басқару;

– педагогтерді оқыту;

– мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында болатын оқыту мен оқытудағы қиындықтар.

Вебинар соңында Кембридж университетінің фасилитаторлары 8 мектептің қатысушыларына алған білімдерін еріктілермен бөлісуді және жергілікті сессияларға және мини-конференцияға дайындалуды ұсынды.

Leave a Reply