SHARE  – іс-әрекеттегі зерттеу бойынша мектептер-хабы

2022 жылғы 22 тамызда №67 гимназия базасында «Тамыз  кеңесі – 2022: «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» аясында «SHARE  – іс-әрекеттегі зерттеу бойынша мектептер-хабы» панельдік секциясы өтті. Секцияға елорда мектептерінің 270 педагогі қатысты.

         Секция жұмысы барысында педагогтер SHARE жобасындағы 13 мектептің постерлерімен танысып келесі тақырыптардағы 3 Workshop-қа қатысты:

  • «Мұғалімдердің ынтымақтастығы кәсіби даму мақсатында», Аюбаева Назипа Алтынбековна, жоба үйлестірушісі, «Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту қорының» директоры, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
  • «Деректерді жинау әдістері» – Оразалы Султанбек,  №67 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі
  •  «Зерттеу сұрағын қалай анықтауға болады?» – Касиенова Динара Куанышбаевна, №91 МГ директорының орынбасары, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі;
  • «Бақылауды қалай жүргізу керек?»
  • «Фокус-топты қалай жүргізу керек?» – Анапьянова Райхан Аскеровна,  №58 МГ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі;
  • «Рефлексия мен кері байланыстың рөлі» – Ержанова Анар Альжановна, №59 МЛ ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі;
  • «Кәсіби әдебиеттерді оқу әдісі» –  Кожахметова Қымбат Бодыққызы,  №76 МЛ ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE жобасының желілік үйлестірушісі.

 Секция жұмысының соңында, қатысушы педагогтердің рефлексиясы тыңдалып, ұсыныстар қабылданды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.