SHARE  халықаралық жобасы аясында 20.06.2022 ж.

17.06-20.06.2022 жылы №35 және №53 мектептер базасында 2 және 3-топ қатысушыларына арналған SHARE халықаралық жобасын жүзеге асыру бойынша кезекті жергілікті оқыту сессиясы өткізілді. Оқыту сессиясын  PHD докторы Аюбаева Назипа жүргізді. Семинарға 19 мектептен (№№2, 27, 35, 37, 50, 53, 56, 60, 62, 65, 66, 68, 70, 72, 73, 74, 76, 77, 91) 100 педагог қатысты.

Семинар аясында педагогтер жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен келесі жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды, сондай-ақ 2022 жылдың алдағы шілде айында Кембридж қаласында өтетін семинарда қаралатын мәселелерді талқылады.

Сессияда талқыланған негізгі мәселелер:

– Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеудің негізгі 4 тұжырымдамасы;

– миссиясы мен пайымдауы;

– мектептерде зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайлар;

– кәсіби әдебиеттерді оқу;

– зерттеу әдістері;

– зерттеудің бағыты;

– зерттеушінің негізгі сипаттамалары;

– LS және AR құралын біріктіру.

Семинар соңында келесі жылға арналған мектеп еріктілерімен жұмыс жоспары және алдағы педагогтердің Кембридж қаласына іс-сапары талқыланды.

Жауап беру