SHARE халықаралық жобасының жүзеге асырылуы бойынша жергілікті оқыту сессиялары өтуде

2022 жылдың ақпан айында SHARE халықаралық жобасының жүзеге асырылуы бойынша жергілікті оқыту сессиялары өтуде. Жергілікті оқыту  сессияларға Назипа Аюбаеваның  жетекшілігімен, желілік кординаторлардың  қатысуымен 3 топтың  (№№ 2,27,35,60,62,65,68,77 мектептері) 5 негізгі  педагогтері  қатысты.

Сессия барысында педагогтер жобаның  негізгі 4 концепциясын,  зерттеушінің қасиеттері, рефлексивті педагогті қалыптастыру, ынтымақтастықта жұмыс жасау төңірегінде талқылау болды.

 Сонымен қатар, ұстаздардың баланың үлгеріміне әсері қандай? деген сұрақ кеңінен талқыланып, педагогтер кері байланыс жасап, өздерінің тәжірибесіне «шыншыл дос» көзімен  қарауды үйрену керектігіне аса мән беріп, біраз ой түйді. Барлық талқылаулар нәтижесінде, баланың үлгеріміне әсер етуші тек-қана ұстаз екен, алдағы уақытта  іс-әрекетті зерттеу бойынша  алған білімдерімен  волонтерлермен бөлісетіндеріне сенім білдірді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.