SHARE халықаралық жобасының жүзеге асырылуы жалғасты

2022 жылдың қаңтар айында SHARE халықаралық жобасының жүзеге асырылуы жалғасты. Жергілікті оқыту  сессиялары Назипа Аюбаеваның  жетекшілігімен, желілік кординаторлардың  қатысуымен 3 топ  (№№ 2,27,35,60,62,65,68,77 мектептері) мүшелері қатысушыларына  өткізілді.

Сессияға күн сайын 2 мектептің негізгі 5 педагогі қатысып отырды. Сессия барысында педагогтер жобаның 4 негізгі концепциясын, Bottisham Village College педагогтерінің зерттеу бойынша түсірген бейнежазбаларын талқылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта еріктілермен бірге жүзеге асыратын 3 негізгі қадамды белгіледі. Жоба қатысушылары  іс-әрекетті зерттеу барысындағы жоспары, атқаратын рөлдері туралы пікір алмасты.

 Сонымен қатар, қатысушылар зерттеу жүргізу  циклінің 5 кезеңі, зерттеу фокусы, зерттеу сұрағы, деректерді жинау әдістері туралы пікірлерімен  бөлісті. Алдағы уақытта, педагогтердің өтініштері бойынша, әр мектепте іс-әрекетті зерттеу бойынша оқыту сессияларын офлайн режимінде өткізу жоспарланып отыр.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.