STEM – сабақты жобалауға және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған білім беру ресурстары

2022 жылдың 28 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен қаланың жетекші және серіктес мектептерінің жұмысы шеңберінде вебинар өтті. Вебинарды ұйымдастырушы 2014 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласындағы жетекші мектептердің бірі болып табылатын №60 мектеп-лицейі.
Семинар тақырыбы: “STEM – сабақты жобалауға және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған білім беру ресурстары”.
Семинардың мақсаты: STEM-технологиялар шеңберінде оқуға деген ынтаны арттыру құралы ретінде заманауи білім беру ресурстары мен пәнаралық байланыстарды пайдалану мүмкіндігін ашу.
Вебинар жұмысында №60,35,46 мектеп мұғалімдері STEM-технологияларды оқу үдерісінде қолдану және жетілдіру бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтардың қызықты және танымды болып өтуіне ықпалын тигізетін әр әр түрлі интернет – көздері ұсынылды. Біз, ЖМБ циклы сабақтарында STEM технологиялары қалай қолданылатынын көрді, сонымен қатар футбол ойынының көмегімен неміс және басқа тілдерді үйренуге болатындығын білді.
Мұғалімдер өз жұмысында қолдануға болатын дереккөздермен бөлісті: Steam.kz, https://www.arduino.cc/, https://biomolecula.ru/, https://antropogenez.ru/, Tinkercad.com.. wizer.me.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.