Сыныптағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Нұр-Сұлтан қаласы № 41 орта мектепте  Білім беруді жаңғырту орталығының мамандары: бастауыш сынып әдіскері  Н. Әзімбай,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері  Ж.С. Маманова және қала мұғалімдерінің қатысуымен «Сыныптағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты қалалық әдістемелік семинар өтті. Бұл іс-шара барысында мектеп мұғалімдері сыныптар ұжымымен өзара әрекеттесу, оқу, сөйлеу және жазу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың практикалық дағдыларын көрсетті. Семинар жұмысын мектеп директоры М. Есеркепова  ашты. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі И. М. Гришина «Мектептегі тіл мұғалімінің жұмысы бізді орыс тілі мен әдебиетін оқуды қызықты және сұранысқа ие етудің жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Қазіргі заман талабына сәйкес болу керек. «Қызықтырады, ойландырады» – бұл орыс тілі мен әдебиетін оқытудың мәнін білдіретін формула», оның танымдық ойын сәттерін қалай өткізетінін көрсетті – «Толық мәтіндер», «Лингвистикалық олимпиадалар» т.б. педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. «Бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Ахметулина 1-сынып оқушыларын ұлттық ойындары «Бәйге», «Асық», «Арқан тарту» ойындарымен таныстырды, ойын барысында балалардың сөйлеу, оқу, жазу қабілеттерін дамытты. Бастауыш сынып мұғалімі Н.В.  Марциновская  2- сыныпта математика сабағында ертегі кейіпкерлері Алдар Көсе, Маша және т.б.кейіпкерлер арқылы балаларды оқу-тәрбие процесіне есептер шығаруға, есептің шартын оқу, сызбасын құрастыру, шешу және дәптерге жазуды үйрете білді. К.Н.  Құсайнова 5- сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Компьютерлік білім берудің пайдасы мен зияны» тақырыбында сабақ өткізді, сабақ барысында  мектеп оқушылары топпен жұмыс жасай отырып, жұппен сұрақтарға жауап берді, мәтінді қайталап айтып берді, эссе жазды, әңгімеледі. Компьютерлік ойындардың пайдасы және зиянды жақтарын айтып кетті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанабаев А.Б. 8-сыныпта өз сабағында балалардың топпен жұмыс істеу, ептілік, икемділік, қырағылық жаттығуларын орындау және қазақ және орыс тілдерінде командаларды айту қабілетін көрсетті. Мектеп психологы А.Қ. Кенжесейтова «Менің менің шекарам» тақырыбында тренингі өткізді. Тренинг барысында кері байланыс ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар тренинг сабақтарына талдау жасап, өзара пікір алмасып ,педагогикалық тәжірибемен бөлісті.

Жауап беру