«Тәрбие – заманауи білім берудің басымдығы» атты қалалық семинар

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Шейх Халифа бен Заид Әль Нахаян атындағы 84 мектеп-лицейінде» 2021 жылдың 20 қарашасында  

«Тәрбие  – заманауи білім берудің басымдығы» атты қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты  педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейту мақсатында тәжірибе алмасу болды. Семинарға жетекші және серіктес мектептер қауымдастығының  мүшелері қатысып, мектептегі  Lesson Study жұмысымен танысты.

Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер әдіскері Миралиев Бауыржан Қойшибекович, ПШО әдіскері Калиханова Шұғыла Ергалиевна,  Жетекші мектеп: №82 Дарын мектебі, серіктес мектептер: №85 мектеп-лицей, №84 мектеп-лицей  мұғалімдері қатысып ой бөлісті. №84 мектеп-лицей мұғалімдері семинарда зерттеу сабақтарын көрсетіп,  мұғалімдерге арналған шебер сыныптармен бөлісті.

Алдағы уақытта ынтымақтастықтағы  қауымдастық жұмыстың тиімділігіне көз жеткізген бұл іс-шара өз жұмысын жалғастырады.

Leave a Reply