Тәрбиенің алтын бесігі

«І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия» 2017-2018 оқу жылынан бастап «Аэропоника», «Ракета модельдеу», «IDEA BOX», «Қазақ хандығы» инновациялық алаңдар жұмыс жасауда. Алаңдарда оқу жылы ішінде мектеп жұмыс жоспары негізінде оқушылар зерттеу жұмыстарымен айналысып, қалалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жарыстарда жоғары жетістіктерге жетті. 

2019 жылы Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» ХV халықаралық жарысында «Аэропоника», «Ракета модельдеу» бойынша ІІІ орынды иеленді.

         Нұр – Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бірегей мектеп» жобасын қорғау бойынша 2019 жылы аталмыш мектепте «PASCO», «STEАM», «Мәшһүртану» инновациялық кабинеттері ашылып, қалалық, республикалық деңгейдегі іс-тәжірибе алмасу семинарлары мен    конференциялары  жүйелі өткізілуде.

         2018-2019 оқу жылынан «Табысты мектеп» кластерінде «Болашақ» кәсіби қоғамдастықтың, «Бірлік» кәсіби қоғамдастықтың жетекші мектебі, 2019-2020 оқу жылынан бастап «SHARE халықаралық жоба бойынша жұмыс жүргізуде.        

         2020 жылы мектепке Ілияс Жансүгіров есімі берілуіне орай жыл сайын қалалық, республикалық деңгейде  «Ілия Жансүгіров оқулары» өтіледі.

 2022 жылдың 27 сәуірінде мектепте 3D галограммада І. Жансүгіровтің мұражайы салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыев, Елтаңба авторы Ж.Мәлібеков, Ілияс Жансүгіровтің ұрпақтары, Білім беруді жаңғырту орталығының басшылығы, қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

         Мұражайдың мақсаты гимназиялық бағытта білім алушыларға қазақ халқының тарихы мен әдебиетіне деген қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

 2021-2022 оқу жылдарында мектепте, қала, республика деңгейінде пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жоғары деңгейдегі жеңімпаздары мектеп көрсеткішін көтерді.

Дарынды балалармен жұмыстың нәтижесін соңғы үш жылдық оқушылардың пән олимпиадасына қатысуын кестеден көруге болады:

Деңгейі2018-2019 оқу жылы2019-2020 оқу жылы2020-2021 оқу жылы2021-2022 оқу жылы
республикалықҚ.Бітібаева атынд.олимп.-1, ІІІ орын -1Саны-1  
қалалықҚатысқаны-4 ІІІ орын -2 грамота -1қалалық кезеңі өткізілген жоқҚатысқаны-9 ІІ орын – 2 ІІІ орын -1 грамота -2Қатысқаны-9 ІІ орын-2 ІІІ орын-2  

1-7 сынып оқушылары арасында Ұлттық «ЗЕРДЕ» балалардың зерттеу жұмысы

Деңгейі2018-2019 оқу жылы2019-2020 оқу жылы2020-2021 оқу жылы2021-2022 оқу жылы
қалалықҚатысқаны- 7 ІІІ орын -2 грамота -1 Қатысқаны- 20 ІІ орын -2 ІІІ орын -5 грамота -5Қатысқаны-11 ІІІ орын -3 грамота -4Қатысқаны-12 ІІІ орын -6 грамота -1  

8-11 сынып оқушылары арасында  ғылыми жобалар сайысы

Деңгейі2018-2019 оқу жылы2019-2020 оқу жылы2020-2021 оқу жылы2021-2022 оқу жылы
халықаралықҚатысқаны-2, ІІІ орын-1 грамота -1
Республ.Қатысқаны-1 ІІІ орын-1
қалалықҚатысқаны- 7 ІІІ орын -2 грамота -1 Қатысқаны- 20 ІІ орын -2 ІІІ орын -5 грамота -5Қатысқаны-11 ІІІ орын -3 грамота -4Қатысқаны-12 ІІІ орын -2 Грамота -1

         Білім сапасын көтеру және оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған «Үкілі домбыра», би «Golden step», Сиқырлы қыл қалам «Сурет», «Дәстүрлі ән», «Сөз шебері», «Актерлік шеберлік», «Домбыра», «Домбыра, қобыз», «Кітап оқуды ұнатамын» үйірмелері жұмыс жасайды. Халықаралық, Республикалық және қалалық жеңімпаздар биылғы оқу жылында мектебіміздің қоржынын жүлделі орындарға толтырды. Анапьянов Арыстан – Республикалық Сейтек Оразалыұлы атындағы арнайы «Абыз домбырашылар» конкурсында ІІІ  дәрежелі дипломмен марапатталды.

 Команда бойынша Айбын VІІ Республикалық әскери-патриоттық жиында мектеп командасы ІІ дәрежелі  диплом иеленді. Балалар мен Жасөспірімдер арасындағы ХV «Шаттық-2022» ашық шығармашылық қалалық байқауында Аспапта жанр бойынша «Ерен» домбырашылар ансамблі «Күміс» медаль, Аспаптық жеке орындаушы-Соло «Қола», Дәстүрлі ән – Соло «Алтын», Хореграфия «Алтын», Сурет бойынша «Күміс» медаль иеленді.

Ұлттық деңгейі жоғары ұстаздар мен оқушылардың ерен еңбектері өте зор. Тәрбиеге аса мән берген бұл алтын ұя, әр балапанын саналы ұрпақ етіп біліммен сусындырып, тәрбиемен тербетіп қанат бітіруде. Мұғалімдер еңбегі жоғары, соны бағалауымыз тиіс. Ауыз бірлігі жарасқан ұжымның жетістіктері көп болсын.

«Білімді ел» ақпарат

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.