Тәжірибе алмасу алаңы

26 ақпан күні  сағат 10.00-де Республикалық физика-математика мектебінің базасында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗГЕ ТІЛДІ АУДИТОРИЯҒА МЕҢГЕРТУ ҮШІН ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» тақырыбында  қалалық семинар өтті. Мақсаты:  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық ой бөлісуіне қол жеткізу.

       «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» – деген ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының сөзі семинардың  басты ұстанымы болды.

        Семинардың ашылуында ББЖО басшысының орынбасары Абишева Гүлнар Теміржанқызы қатысып, мұғалімдерге сәттілік тіледі. Әдіскер Искакова Гүлжазира Бекболатқызы республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезіндегі ҚР БжҒМ Аймағамбетов Асхат Қанатұлының тапсырмалары»  туралы ақпаратпен таныстырды.

          Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда сабақ беретін 14 қала мұғалім және әдіскер Құлмағанбетова Ақсұлу Шынболатқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Мұғалімдер арасында  РФММ мұғалімі Азимбаева Рахат Омашқызының  «Қазақ тілі сабақтарында лексика-грамматикалық минимумді жас ерекшеліктеріне сай меңгерту жолдары» тақырыбындағы өз іс-тәжірибесімен бөлісуі  көпшіліктің сұранысы бойынша алдағы уақытта мұғалімнің  озық тәжірибесін қала көлеміне тарату жұмыстарын ұйымдастырудың қажеттігі айтылды.          Семинар соңындағы кері байланыста мұғалімдер тәжірибе алмасу семинарын жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстар түсті. Мұғалімдердің ұсыныстарын алдағы уақытта басшылыққа алатын боламыз.

Жауап беру