«Табысты мектеп: тәжірибе мен нәтиже»

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы    ұйымдастыруымен 2022 жылғы 20 мамыр күні Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Табысты мектеп: тәжірибе мен нәтиже» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: педагогикалық ұжымының оқу-тәрбие жұмысы процесінде заманауи әдіс-тәсілдерімен тәжірибие алмасу.

Аталған іс-шара барысында қосымша білім беру және тәрбие жұмысы үйірмелерімен бойынша шебер сыныптар көрсетті. Қатысушыларға мектептегі кабинеттерді, букроссинг, STEM лабараториялық кабинетер, «Оқуға құштар», экологиялық жобалар, дебаттық турнир, әр түрлі бағыттағы ашық сабақтар және қосымша білім беру бойынша үйірме жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар, пән бойынша сабақтар, сынып сағаттары мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды, мектеп мұғалімдері өздері дайындаған бағдарлама бойынша қатысушыларға жұмыстарын көрсетті. Атап өтетін болсақ, «Тригонометрия» алгебра пәнінен «Lesson study» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Шакубаева Бибигуль Темиргалиевна, «Күрделі құрылымды теңдеулерді шешу» БжС технологиясы бойынша тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Үкімет жанындағы білім сапасы жөніндегі сарапшы Вассерман Федор Яковлевич және бастауыш сыныбының мұғалімі Сагандыкова Айнур Кайроллаевна, «Travelling around the world» ХБ бағдарламасы бойынша тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тельман Фариза Гибадатовна, «Мен не үйрендім?» «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша тақырыбында бастауыш сыныбының мұғалімі Есмурзина Айгерим Жаксылыковна ашық сабақ өткізді.

Одан әрі салтанат залында пленарлық бөлімде мектеп директоры Казиева Марал Кадикеновна семинар қатысушыларына арнаған алғы сөзімен жалғасын тапты. Табыс шеберханасы бөлімінде бірнеше спикерлер өз ойларымен бөлісті. Атап өтсек, «Халықаралық бакалавриат бағдарламасы мектеп тәжірибесінде» тақырыбында IB MYP үйлестірушісі Кожабева Алия Алтаевна, «Мектеп парламенті: өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы» тақырыбында «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Садвакасова Динара Тайбасарқызы мен мектеп вожатыйы Суйиндикова Гулнур Жанадилқызы, «Арт-терапия психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің әдісі ретінде» тақырыбында педагог-психолог Рахматуллина Анар Тулегеновна тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында диалог алаңының бөлімінің спикерлері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Атап өтсек, «Бастауыш сыныптарда жүйелі жұмыс түрлері» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасыры Тулегенова Нагила Жолтаевна, «Жас мамандармен жұмыс тәжірибесі» тақырыбында директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Абишева Гуль Крымовна, «Отбасы, мектеп, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары мен инклюзияны қолдау кабинетінің өзара әрекеттесу жағдайында мектептің білім беру кеңістігінде мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Болпакова Гульмира Тлеугабыловна, «Эко-Асар – игі істер марафоны» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жетпысбаева Назым Базылбековна, «Бракераж комиссиясының жұмыс жүйесі» тақырыбында мектеп ата-анасы, бракераж комиссиясының мүшесі Сагиндикова Кенжекул Шанкибаевна тәжірибесімен алмасты.

Семинар соңында мектеп психологы Тикей Мерейгуль қатысушылардан рефлексия жүргізді. Семинарды қорытындылау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау» бөлімінің басшысы Орынбасарова  Лаззат Жаксылыковна сөз сөйледі.   

Жалпы, тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде өтті. Келген қатысушылар, қонақтар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға сала отырып, атсалысты.

Жауап беру