ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2022СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

2022 жылдың 22 тамыз күні  елордалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшыларына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту: Бүгіні мен болашағы» тақырыбында Тамыз конференциясының  секциялық отырысы өтті.

Секциялық отырыста  Білім басқармасының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратқызы жаңа оқу жылындағы жаңа міндеттерге тоқталды. Ал Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министірлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ  басшысы Адамова Манара Елекенқызы 2022-2023 оқу жылындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Секциялық отырысты барысында Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Казыкенов Ердаулет Серикханұлы айтты. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры,  педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева Сайра Нагашибайқызы және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директоры Қазақпаева Бейбіткүл Зейнәділқызы, BilimLand платформасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту маманы Ахметова Дина Ғазизқызы және № 95 «Алматы» балабақшасының меңгерушісі Смакова Анар Долдабековналар  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бүгіні мен болашағына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Секцияның жұмысы  YouTube  желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Тамыз конференциясының секциялық отырыстары жалғасуда…

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.