Тамыз конференциясының секциялық отырысы –  2022

2022 жылғы 23 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығының  ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту: іс-тәжірибе, жаңашыл әдістеме, ұсыныстар» және «Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында оқыту процесін ұйымдастырудағы сабақтастық» тақырыбында мектепалды даярлық тобы мен сыныптарының педагогтеріне арналған Тамыз конференциясының  секциялық отырыстары өтті.

Секциялық отырысқа спикерлер, жаңашыл педагогтер, білім беру ұйымдарының үздік басшылары, сарапшылар қатысты. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы  өзекті мәселелер талқыланды.

Аталған іс-шараны құттықтау сөзбен ашқан елордалық Білім басқармасы Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратовна  «Жаңа оқу жылындағы жаңа міндеттер» тақырыбында сөз сөйледі.  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ  басшысының орынбасары Ерманова Мария Наятовна Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы  түсіндірді.

 «МДҰ-да білім беру сапасын бағалау үшін  ECERS-3 шкаласын пайдалану» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК Ресурсттық білім беру орталығының меңгерушісі Тусупова Куралай Мерекеновна,  «4К дағдыларын дамытуда сингапур технологиясын тиімді қолдану» тақырыбында аталған орталықтың  әдіскері Муралимова Света Муратбековна,  Педагогикалық әдеп, ұстаздың этикасы және мәдениеті туралы №86 «Зияткер» балабақшасының меңгерушісі  Нуркабылова Алмагуль Жеткергеновна, «Балабақша + Ата-ана = Бақытты бала» тақырыбында «OYNA» Балалық шақ институтының құрылтайшысы Тайбасарова Алтынгүл Болатқызы, «Өсу нүктесі» –  балаларды дамыту және олардың өзін-өзі дамытуына оңтайлы жағдай жасау үшін екі педагогтің  қызметіндегі жаңа жағдай» тақырыбында № 95 «Алматы» балабақшасының меңгерушісі Смакова Анар Долдабековна, «Бестемше» ойынының бала тәрбиесіндегі орны туралы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының вице-президенті, ф.ғ.к. Шотаев Махсат Есенбекұлы сөз сөйледі.

«Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық» тақырыбында «Binom School – Таным» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Манганова Асем Маултбековна, «Желілік серіктестік – педагогтің кәсіби құзіреттілігін дамыту құралы» № 24 «Айналайын» балабақшасының инновация әдіскері Султангазина Айгерим Кабдрахмановна ой бөлісті.

Секциялық отырыстардың жұмысы  YouTube желісінде тікелей эфирде көрсетілді.Іс-шараға елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 500-тен астам педагогі қатысты.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.