Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Үздік жас педагог» атты қалалық байқауының нәтижесі

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында   «Үздік жас педагог» атты қалалық байқауы өткізілді.

 Байқаудың ұйымдастырушылары: «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК мен Нұр-Сұлтан  қаласы «Әділет» Білім беру қызметкерлері кәсіподағының  қолдауымен өткізілді.

 Конкурстың мақсаты: жас педагогтер арасынан талантты және шығармашыл педагогтерді анықтау.

Сараптама комиссияның құрамында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің   «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК директорының орыңбасары Байтасов Д.Д., Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиев Б.А., Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжінің» МКҚ өндірістік оқыту шебері Бибосынов Б.Д., Республикалық конкурс «Үздік педагог-2021» атағының иегері, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Рахметова А.Е., Білім  беруді  жаңғырту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Алишева И.С., Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» МКҚ басқармасының басшысы Тлеулин Ч.М. болды.

34 колледждің ішінен 19 жас колледж оқытушыларынан өтініш түсті. Конкурстық материалдардың сараптама нәтижесі бойынша номинациялардың женімпаздары анықталды:  

1 орын – Салыкбаева Жулдыз Манатовна, ШЖҚ «ASTANAPOLYTECHIC» жоғары колледжі КМК, ағылшын тілі пәні мұғалімі.

2 орын – Бақыт Ұланбек, ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» КМК, арнайы техникалық пәндер оқытушысы

2 орын – Тулембаева Салтанат Нурболовна, «Техникалық колледж» МКҚК, арнайы техникалық пәндер оқытушысы

3 орын – Есенов Алтынбек  Кенжебекович «Технологиялық колледж» МКҚК, Есенов Алтынбек  Кенжебекович.

3 орын – Сабитова Асель Махмутовна, ШЖҚ «ASTANAPOLYTECHIC» жоғары колледжі КМК, Есенов Алтынбек  Кенжебекович.

3 орын – Тукенова Асем Жангельдиновна, Астана халықаралық университетінің «Педагогическалық колледжі», психология пәні оқытушысы.

«Креативті жас педагог» номинациясы – Естай Арнұр Естайқызы, «Кәсіптік-техникалық колледж» МКК, информатика пәнінің оқытушысы.

«Білімді жас педагог» номинациясы – Музафарова Екатерина Андреевна, ШЖҚ «Сервис және туризм колледжі» МКК, арнайы пәндер оқытушысы

«Талантты жас педагог» номинациясы – Бисимбаева Гаухар Танатовна, Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі, орыс тілі және әдебиеті оқытушысы

      Марапаттау рәсімі 2021 жылдың 25 қараша күні өтті. Конкурс жеңімпаздарына Білім беруді жаңғырту орталығының атынан бағалы сыйлықтар табысталды және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы атынан сыйлықтар марапатталды. Конкурсқа қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жауап беру