«Тиімді сабақ жоспарын әзірлеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында елордалық география пәні мұғалімдеріне арналған вебинар

2021 жылғы 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Тиімді сабақ жоспарын әзірлеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында елордалық география пәні мұғалімдеріне арналған вебинар ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты география пәні мұғалімдерінің заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалану тәжірибесімен алмасу болып табылады.
Қазіргі пандемиялық оқу жағдайында педагог қашықтан түрлі белсенді оқыту әдістерін қолдана білу қажет. №66 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі Тобыкова Бакытгүл Дайырбекқызы «Тиімді сабақ жоспарын құрастыру әдіс-тәсілдері» тақырыбында сөз сөйлеп, «Flippity», «Classroomscreen» сияқты онлайн сервистермен жұмыс жасау жолдарын практикалық түрде көрсетті.
«Цифрлық технологиялар арқылы тиімді сабақ жүргізу» тақырыбында сөз сөйлеген география пәнінің мұғалімі Асханбай Таубажан pexels.com сайтымен жұмыс жасау жолын көрсетті.
Іс-шара барысында педагогтер электронды және интерактивті карталарды пайдалану және оқушылармен бірлесе жұмыс жасау, тақырып бойынша «Ақыл-ой карталарын» құрастыру, инфографикаларды жасайтын тиімді сервистерді ұсынды, сабақтың рефлексиялық кезеңінде бағалау және кері байланысқа қажетті қосымшалармен (survio т.б) бөлісті.
Вебинар соңында рефлексия жүргізілді, қатысушылар кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді.

Жауап беру