«Тіл үйрену дағдылары арқылы функционалдық сауттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбына қалалық семинар

2021 жылғы желтоқсанның 24-і күні №3 мектеп-гимназиясында Білім беруді  жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілді үйренудің функционалды-коммуникативті тәсілдерін тиімді қолдануда мұғалімдердің іс-тәжірибесін жетілдіру және тарату мақсатында «Тіл үйрену дағдылары арқылы функционалдық сауттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбына қалалық семинар өтті.

Аталмыш іс-шараға қала мектептерінің 68 қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтері қатысты. Мектеп директоры Қарлығаш Калимжанқызы Елеубаева семинардың ашылу кіріспе сөзінде мектеп туралы мәлімет беріп өтті. Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызы Маманова іс-шараның теориялық бөлімінде «Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбына қазақ тілі мен әдебиетін  оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негіздеріне тоқталды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде №3 мектеп-гимназиясының пән мұғалімдері функционалдық сауаттылықты өз сабақтарында қалай жүзеге асырып жатқан іс-тәжірибелерімен бөлісті. Алпысбекова Гүлнұр Алпысбекқызы  3 «З» сыныпта  «Бәйтерек неге ұқсайды?», Сеилбаева Раушан Картаевна 6 «Б» сыныбында «Алтынемел саябағының кереметі», Оспанова Гульнура Елубаевна 11 «Б» сынып оқушыларымен «Ұлттық өнердің тарландары», Султанова Айгуль Сартаевна   1 «В» сыныпта «Мен сурет саламын», Рыскулова Жанар Сейілбековна 5 «Е» сыныбында «Ұлттық кітапхана», Тагиманова Карлыгаш Сеитовна   10 «В» сынып оқушыларымен «Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі» тақырыптарында сабақтар өткізіп, функционалдық сауаттылықты тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым арқылы жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар өздерінің оң пікірлерін білдіріп, іс-шараны ұйымдастырған Білім беруді жаңғырту орталығына, №3 мектеп-гимназия әкімшілігіне, ашық сабақтар арқылы тәжірибе бөліскен мұғалімдерге алғыстарын білдірді.

Жауап беру