Химия пәнінің үздік мұғалімі анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен  2021 жылғы 29 қараша күні « Ең үздік химия пәнінің мұғалімі» байқауы өткізілді.Байқауға елордалық 21-ге тарта мұғалім қатысып, бақ сынады.

Байқаудың мақсаты: Химия пәні бойынша таңдау, қолданбалы, арнайы, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік педагогтерінің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату, тәжірибеде өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу, мұғалімдердің одан әрі кәсіби дамуына ынтаны арттыру

Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең байқауға ұсынылатын  химия пәнінен авторлық бағдарламалар: элективті, қолданбалы, таңдау бойынша, арнайы курстар тапсырды. 2 кезеңде тест тапсырмаларын орындады. Байқауға Тосмаганбетова Кульдей Сулейменовна –Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің химия ғылымдарының докторы,  Амриева Шолпан Ракишевна- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, Айгараева Раушан Ратовна- Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, Садвакасова Алма Досжановна- «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының педагогикалық шеберлік бөлімінің басшысы және Білім беруді жаңғырту орталығының химия және биология әдіскері Ш.Шакирова қазылық етті.

 «Ең үздік химия пәнінің  мұғалімі» атағын және бас жүлдені  №90 гимназия директоры, химия пәнінің мұғалімі А.Аятжан иеленді. 1-орынға  №82 «Дарын» мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі Абдулла Жанар  лайық деп танылды. II орын №55 орта мектептің химия пәні мұғалімі Алпысбаева Эльвира Сериковна, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Молыбаева Саягүл Сагиновна, №69 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Қуандықова Саламат Кенесбаевнаға берілді. Ал III-орынга бірдей нәтиже көрсеткен 5 мұғалім берілді. Олар: Мәшhүр Жүсіп атындағы №57 орта мектептің химия пәні мұғалімі, №52 мектеп –гимназиясының химия пәні мұғалімі Садықова Джибек Джумабаевна, №76 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Дәнебек Күлпан Тұрсынбекқызы, №67 гимназиясының химия пәні мұғалімі Оспанова Гүлмира Нургазыевна, №66 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Жиенбаева Айдана Нұркенқызы иеленді.  Қалған байқауға қатысушыларға байқауға  қатысып белсенділік танытқаны үшін Білім беруді жаңғырту орталығының атынан алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.