Химия және биология  пәндері педагогтеріне оқыту семинары өтті

Ағымдағы жылдың 6 мамыр  күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакированың  ұйымдастыруымен «Пән мен тілді кіріктіре  оқыту» (Химия және биолдогия сабақтарында CLIL әдісін  қолдану) тақырыбында  оқыту семинары «BINOM SCHOOL Сарыарқа» мектеп-лицейінің базасында өтті.

Семинар барысында  «Химия пәнін  оқытуда CLIL әдісін қолдану» тақырыбында  «Дарынды қыз балаларға  арналған «Білім –инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі Ж.Асан өз тәжірибесімен бөлісіп, химия сабағында  ағылшын  терминдерімен  жұмыс жасауды, сабақта технология түрлерін  қолдану әдістерімен  бөлісті және «Аlkali metals and their compounds»  тақырыбында  шебер-сабақ өткізді. Сонымен  қатар «Пән мен тілді кіріктіре оқыту тәжірибемізден» тақырыбында №9 Зерде мамандандырылған мектебінің  биология пәні мұғалімі А.Юлмухамбетова практикалық сабақ көрсетіп, пән мен тілді кіріктіре оқытуда CLIL әдісін қолдану  түрлерін көрсетті.

№81 «ASTANA ENGLISH SCHOOL» мамандандырылған  гимназиясының  химия пәні мұғалімі А.Гареева, Халықаралық мектептің биология пәні мұғалімі Б.Ерманова, Назарбаев Зияткерлік IB мектебінің биология пәні мұғалімі Л.Акшалова қатысушылармен жеке, топтық, жұптық жұмыстар жүргізіп, химия және  биология сабақтарында бірнеше  ойын  түрлерін қолдану, сәйкестендіру әдісін көрсетіп  практикалық сабақтар көрсетті. 

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Жауап беру