Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Даланың алып қоңырауы»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған Республикалық Педагогикалық оқулар конкурсының қалалық деңгейін өткізді. Конкурстың басты мақсаты    Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұраларын зерделеу және насихаттау, педагогтердің шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби қарым-қатынасы мен шығармашылық өзара ынтымақтастық саласын кеңейту болып табылады.

Конкурсқа балабақша педагогтерінен 48 өтінім келіп түсті. Үздіктердің ішінен үздігін таңдау оңай емес, дегенмен, әр сайыстың өз жеңімпаздары болатынын атап өткен жөн. Сараптамалық комиссия мүшелері қатысушылардың конкурстық материалдарына сараптама жүргізіп, байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері мен конкурстың республикалық деңгейіне қатысушылар тізімі анықталды:

І орын- №17 «Ер-төстік» балабақшасының педагогтері Абдуова Ботагоз Сериковна, Тлеубергенова Раушангуль Токановна; №42 «Бәйшешек» балабақшасының педагогі Алиева Қаракөз Ержанқызы; №95 «Алматы» балабақшасының педагогтері Омарова Жибек  Сериковна, Есимсейтова Жанар Жолмухановна;

ІІ орын – №72 «Жанарым» балабақшасының педагогі Копабаева  Асемгуль Сериковна, №45 «Самұрық» балабақшасының педагогі Асылбекова Гульнара  Кариполлиновна;

ІІІ орын – №3 «Күншуақ» балабақшасының педагогі Крепс Анастасия Леонидовна; №51 «Алтын сандық» балабақшасының педагогі Жолдасова Айман Айтжанқызы; №66 «Толағай» балабақшасының педагогі Жылкелдиева Мөлдір Серікқызы;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply