«Ыбырай –дана, Ыбырай – дара» қалалық поэзия байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы аясында «Ұстаздың ұлы келбеті-Ыбырай» атты «Ыбырай –дана, Ыбырай – дара» қалалық поэзия байқауы өткізілді.

«Ыбырай –дана, Ыбырай – дара» қалалық поэзия байқауы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген мақтаныш сезімін, тарихи мұраға құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ, Ыбырай Алтынсариннің зияткерлік және рухани әлеміне баулу,  бейнелеу өнері арқылы өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеу үшін уәждемені арттыру; балалар мен жасөспірімдердің, ұжымдар мен қосымша білім беру педагогтерінің, шығармашылық ұжымдар басшыларының шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау, авторлық өлеңдердің беделін арттыру; дарынды авторларды анықтау және қолдау; конкурсқа қатысушылардың орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 55 өтінім келіп түсті. Байқауға мектеп педагогтері мен оқушылары қатысып, байқау тақырыбына сәйкес келетін өздерінің авторлық өлеңдерін ұсынды.

«Ыбырай –дана, Ыбырай – дара» поэзия байқауы келесі жас санаттарында өткізілді: кіші топ 7-10 жас; орта топ 11-13 жас; үлкен топ 14-17 жас.

«Ыбырай –дана, Ыбырай – дара» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды марапаттау туралы шешім қабылдады:

«Ыбырай-дана, Ыбырай – дара» атты авторлық өлеңдер байқауының жеңімпаздары:

  • Гран – при – Тургалиева Толганай Нурлановна, жетекшісі – Карина Назгуль Аманжоловна мектеп – гимназия №83 (смарт сағат);

Жас санаты 7-10 жас

  • 1 орын –  Қонысбай  Нұрасыл,  жетекшісі – Мекишева Жанар Муслимовна мектеп – гимназия №30(бумбокс);
  • 2 орын – Какимова Айханым Асетовна, жетекшісі –  Шурманова Гульнар Ахметчановна мектеп – лицей № 11(портативті колонка);;
  • 3 орын – Сартай Рамазан Тулегенұлы, жетекшісі – Фазылхан Гүлнұр Фазылханқызы орта мектеп №49(арнайы приз);

Жас санаты 11-14 жас

  • 1 орын –  Гудантова Амина Магомедовна, жетекшісі –  Колесник Нина Павловна орта мектеп №20(бумбокс);
  • 2 орын – Мықтыбек Гүлім, жетекшісі – Сайлаубаева Гүлжан Жеңісқызы гимназия №90 (портативті колонка);
  • 3 орын – Рысбай Аяулым, жетекшісі – Бакирова Айгүл Муханбетқалиқызы «Binom school- Ұлы дала» мектебі(арнайы приз);

Жас санаты 15-17 жас

  • 1 орын – Серік Мерей, жетекшісі – Мустафина Жумакул Амантаевна мектеп – гимназия №80(бумбокс);
  • 2 орын – Жакатева Науат Сайлаубековна, жетекшісі – Оспанова Асем Амантаевна мектеп – гимназия №86 (портативті колонка);
  • 3 орын – Мейрхан Нұржалғас Маратұлы, жетекшісі – Жақсылық Жұлдызай Жұмабергенқызы мектеп – гимназия № 69 (арнайы приз).

Байқаудың ұйымдастырушылары: Нұр-Сұлтан қаласының «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК, №1 өнер мектебі, №2  өнер мектебі. Конкурс спонсорлары: «Clean City NC» ЖШС, Республикалық қоғамдық бірлестік, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Оператор РОП» ЖШС.

Жауап беру