Заманауи білімге сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

2021 жылдың 3 қарашасында Экономикалық лицей базасында Нұр-Сұлтан қаласының жекеменшік мектептері арасында «Заманауи білімге сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында онлайн – офлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: бастауыш сынып педагогтерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін ұсыну, сондай-ақ кәсіби қоғамдастыққа біріктірілген жетекші және серіктес мектептердің қызметін ұйымдастыру.

Семинарды Білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы және Экономикалық лицей «ЖШС» директоры Сыздыкова Бахытгуль Рахымбекқызы ашты.

Семинардың бірінші бөлімінде М.Н.Другова, И.И. Макаренко, М. М. Хацкевич, В. П. Горгулько, Л. Н. Тарасова, Л. В. Крюкова, С. С. Богуславская, М. А. Суликаева, Ю. В. Нестеренко, Е. В. Роговская спикер ретінде қатысып өз-іс тәжірибелерімен бөлісті.

Білім беруді жаңғырту орталығының директоры С.Мадеев қазіргі таңда 45 жекеменшік мектептердің тіркелгенін соның көпшілігі бастауыш білім беру ұйымдары екенін атап өтті. Педагогтердің, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайларын және жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында, кәсіби қоғамдастық құру кезінде көшбасшылық функцияларды орындайтын жетекші мектептердің қызметін ұйымдастыру қажет екеніне тоқталды.

Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы А.Есематова жетекші және серіктес мектептердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту факторлары, жетекші мектептің функциялары туралы,ал әдіскер Б.Миралиев анықталған 9 жетекші мектептерді және оларға бекітілген серіктес мектептердің өзара кәсіби қауымдастықта жұмыс жасайтынын айтты.

Жетекші мектеп-серіктес мектептердің кәсіби өзара іс-қимылын ұйымдастырушы.

Семинардың екінші тәжірибелік бөлімінде үйлестірушілер жетекші мектептің функцияларымен танысып, топта жобаларын талқылап және қорғады.

Семинарға «Астаналық Сәдуақасов атындағы мектеп” ЖШС, “Флагман” физика-техникалық лицейі, Astana Garden School, “BINOM SCHOOL – Nova City”,”Голубой парус” балабақша-гимназия” кешені”, Primary School “Intellect” бастауыш мектебі, “Academ school” ЖШС бастауыш мектебі, “Zharkyn Smart School”, “New level school”бастауыш мектептері және т. б. жекеменшік серіктес мектептер директорлары, үйлестірушілері қатысты.

Leave a Reply