«Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы»

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының  2022 жылғы 30 сәуірдегі № 44 бұйрығына сәйкес  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тәжірибесінен қалалық шебер-сынып байқауы өтті.  

Мақсаты: тәрбие-білім беру процесінде көркемдік-эстетикалық бағытты дәстүрлі емес сурет салу техникасы арқылы дамыту, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша мына жеңімпаздар анықталды:

 І орын – Жубатова Сабира, № 24 «Айналайын» балабақшасының  педагогі

ІІ орын –  Карабекова Айдана, №69 «Еркем-ай» балабақшасының  педагогі     

ІІІ орын – Сақтағанова Ақмарал, №1 «Бәйтерек» балабақшасының  педагогі.

Республикалық «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тәжірибесінен шебер-сынып байқауына қатысуға № 24 «Айналайын» балабақшасының педагогі  Жубатова Сабира Алмуратовна жолданды.

Жауап беру