«Зерттеу сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру»  қалалық семинар

2022 жылғы ақпан айының 25-і күні Нұр-Сұлтан қаласының №44 орта мектебі және Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен зерттеу сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру, тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.

“Lesson Study – оқыту мен оқуды жетілдірудің тиімді тәсілі” тақырыбы бойынша №44 орта мектеп директоры Л. Култаева сөз алып, мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының барысымен таныстырды. БЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы семинардың барысымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтып өтті.

Іс-шараны әрі қарай директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары  А.А. Жакенова “Тәжірибе+Рефлексия=Даму” деген тақырыпта мектепте жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына тоқталып кетті.

Мектеп оқушылары «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына арналған әдеби композициялық қойылымын ұсынды.

Мектеп психологы Момынқұлова Динара Махамбетовна семинарға келген мұғалімдермен «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 сабақ көрсетілді. Зерттеу сыныптарында ұйымдастырылған сабақтарда А.,В.,С деңгейіндегі оқушыларды бақылаушылар нақты зерделей алды. Мұғалімдердің таңдап алған әдіс-тәсілдері сабақта оқушылардың тілдік дағдысын жетілдіруге жұмыс жасады.

 Джусупова Дарига Ашировна 5-сыныптарда «Мінез – жанның айнасы. Тәуелсіздік жалғауы» деген тақырыпта сабақ өткізді. Сабақта оқушылар өте жақсы белсенділік көрсетіп, өзара бағалауда ашық, нақты кері байланысқа түсе білді.

Жунусова Зубайра Сапаровна 6-сыныптарда «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері. Үстеу.» тақырыбы бойынша сабақ көрсетті. Оқушылар белсенді қатысып,  әртүрлі сервис платформаларымен үнемі жұмыс істей алатындары көрініп тұрды. Сабақ барысында төрт дағды қамтылды.

Ержанова Динара Мукажановна  «Қажымұқан» тақырыбы бойынша  6-сынып оқушыларымен сабақ берді. Сабақ өз мақсаты бойынша жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беріп,  шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдады.

Орыс тілді сынытарында сабақ беретін пән мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Маханова Жангуль Сериковна 6-сыныптарда «Шыңғыс Айтматов – халық жазушысы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында қамтылған оқу мақсаты: тыңдаған  мәтіннің мазмұнын түсіну және өмірмен байланыстыру. Сабақтың қорытындысында kahoot сервисімен жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті.

Касенева Асем Сарсенбековна қазақ тілі пәнінен 3-сынып оқушыларына «Абай – ұлы ақын» тақырыбында сабағын көрсетті. Сабақта оқушылардың тілдік дағдыны қалыптастыруына тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Семинар соңында кері байланыc жасалып, іс-шараны  ұйымдастырған №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен мектеп басшысы Култаева Ляззат Муханбетовна рақметін айтып, керә байланыс берді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.