«Жұлдыздар шеруі – 2022» марапаттау кеші туралы ақпарат

2022 жылдың 20-мамыр күні №55 орта мектепте мектеп үздіктері мен мақтаныштарын марапаттау, оқу жылының қорытындысын айқындау мақсатында «Жұлдыздар шеруі – 2022» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке ББЖО әдіскері Маманова Жанар Сейтахметқызы, «Замандас» аула клубының директоры Ләззат Елубайқызы және ата-аналар комитеті мен дарынды оқушылардың ата-аналары шақырылды. Мерекелік кеште спорт, өнер, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен оқушылар, сынып ішінде өзінің білімділігімен, өнерімен, алғырлығымен көзге түсіп, жетістіктерге жетіп,  сыныптың «Жыл оқушысы» атағына ие болған оқушылар, сыныптар ішінде шығарылған мониторинг бойынша білім, мәдениет, спорт салаларынан  жоғары көрсеткіштерге жетіп, мектептің жұмысына белсене араласқан, 2021-2022  оқу жылында «Алтын сынып», «Күміс сынып», «Қола сынып» атағына ие болған сыныптар, «Үшті Одақ» өзін-өзі басқару ұйымының  қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқаны үшін оқушылар комитетінің мүшелері, үздіктердің үздігі атанған мектептің «Мектеп жұлдызы-2022» атағына ие болған 8 оқушыны Жанар Сейтахметқызы аранйы марапаттады. Сондай-ақ мектепке спонсор жасаған ата-аналар, қайырымдылық жасаған ұстаздар марапатталды. Бұл оқушыларды ата-ана комитеті мен мектеп директоры марапаттады. Сонымен бірге  «Үздік сынып жетекші – 2022», «Үздік бірлестік жетекші – 2022» «Үздік тренер – 2022», «Жыл мұғалімі – 2022» атағына ие болған ұстаздар марапатталды. Кеш соңында мектеп директоры Рахимберлина Дидар Алимовна мектеп демеушілеріне, ата-аналарға,  «Алғыс хат» табыстады.

Жауап беру