«Жаңа көзқарастағы мұғалім ұстанымы» (жас мамандарға арналған)

2022 жылдың 15 қаңтар күні  Білім  беруді жаңғырту орталығының  ұйымдастыруымен  «Жаңа көзқарастағы мұғалім ұстанымы» (жас мамандарға арналған) тақырыбында  химия және биология  пәндерінің жас мамандарына  қалалық семинар өткізілді.

Семинарда Нұр-Сұлтан қаласының №74 мектеп-гимназияның  химия пәні мұғалімі Мусаханова Жаркынай  Махмудалиевна №54 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Тумарбаева Кызылгуль Кабылкаковна,  Касымова Лазим Талғатқызы  «Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдер», «Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту», «Сабақтың  әр кезеңіне  бағыт-бағдар беру» тақырыптарында  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Орталықтың әдіскері Ш.Шакирова «Мұғалімнің  әр түрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалану»  тақырыбында сөз қозғады.

Семинар тақырыбының өзектілігінің жоғары болғандығын  тыңдаушылардың пікірлері мен қатысымы бойынша байқалады. Әрбір қатысушы іс-тәжірибесімен бөліскен  педагогтерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Жауап беру