Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті жас маман

 «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті жас маман»

2022 жылы 19 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы №92 мектеп лицейінде Білім беруді жаңғырту орталығы ағылшын тілі пәні жас мамандарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған семинар-практикум өткізілді.

Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бәсекеге қабілетті жас маман»

Семинардың мақсаты: Жас мамандардың 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарда келесі тақырыптарда презентациялар жасалды:

– «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілі сабақтарына арналған ұзақ мерзімді күнтізбелік жоспарлау»;

– «ҰБТ құрылымы және ҰБТ тапсыру кезіндегі қарапайым қателер»;

– «Language skill integration in teaching English»;

– «Ағылшын тілі сабақтарындағы формативті бағалаудың маңызы»;

– «Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологиялар».

4 секцияға бөлініп,  «Art & Music» , «Space» , «Easy reading activities to engage students» , «Рassive voice» , «A letter to my future self. Are you  S.M.A.R.T?» , «Less is more», «Globalisation» , «Free time activities and chores» атты тақырыптарда спикерлер ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын тиімді , әрі жаңа әдіс-тәсілдерді  пайдалану жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.