ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

2022 жылғы сәуір  айының 19 күні Нұр-Сұлтан қаласының №21  орта мектебі және Білімді жаңғырту орталығы ұйымдастыруымен жаңартылған  білім беру мазмұны аясында оқытудың  жаңа әдістері, тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.

Кіріспе сөзді №21 орта мектеп директоры С.К. Баймухамбетова сөз бастап, мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының барысымен және семинардың тақырыбымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтып өтті.

Іс-шараны әрі қарай директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  Б.Г.Кабдрашитовна мен С.У Имажанова «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқу мен оқытудың сапасын арттыру» коучинг өткізді.

          Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6 сабақ көрсетілді. Мұғалімдердің таңдап алған түрлі әдіс-тәсілдері жаңартылған  білім беру мазмұны бойынша жүргізілді.

 Байжарасова Сымбат Ашимкановна 4«Б» сыныбында «Ғаламшарлар» деген тақырыпта сабақ өткізді. Сабақта оқушылар өте жақсы белсенділік көрсетіп, өзара бағалауда ашық, нақты кері байланысқа түсе білді. Сабақтың қорытындысында Padlet тақтайшасы сервисімен жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті.

             Байбуллина Гульмира Муратбековна  1«Г» сыныбында  «Сен не аласың?» деген тақырыпта сабақ өткізді. Сабақта оқушылар қызығушылықпен белсенділік көрсетіп, өзара бағалауда  ашық кері байланысқа түсті. Сабақта төрт дағды қамтылды.

Токтарханова Айман Токтархановна  5 «Б» сыныбында «Алтынемел» ұлттық саябағында»  тақырыбы бойынша сабақ көрсетті. Сабақ барысында төрт дағды қамтылды. Оқушылар белсенді қатысып,  әртүрлі сервис платформаларымен үнемі жұмыс істей алатындары көрініп тұрды.

     Ибрашева Алма Советовна  «Қазақ қолөнері» тақырыбы бойынша

6 «В» сынып оқушыларымен сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар  қолөнер туралы толық ақпаратты бейнеролик көру, оны талдлап, өз ойларын білдіру арқылы белсенді кері байланыс берді. Сабақ барысында төрт дағды қамтылды.

     Мамырбаева Гульмира Кылышевна  9«Б» сыныбында «Роботтар мен киборгтардың адам өміріндегі маңызы»  тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысы оқушыларға өте қызықты болды. Өз ойларымен бөлісіп, барлығы белсене жұмыс жасады. Сабақта оқушылардың  тілдік  дағдыны  қалыптастыруына тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.  Сабақтың қорытындысында Padlet тақтайшасы сервисімен жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті.

       Абдрахманова  Гүлден Туяковна қазақ тілі пәнінен 8 «А» сынып оқушыларына   «Айтыc – қазақтың төл өнері»  тақырыбында сабағын көрсетті. Сабақта оқушылардың  тілдік  дағдыны  қалыптастыруына тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар  зор  қызығушылықпен сабаққа  белсене қатысып, жақсы білім нәтижелерін көрсетті.  Сабақ барысында төрт дағды қамтылды.

         Семинар соңында кері байланыc жасалып, іс-шараны  ұйымдастырған №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен мектеп басшысы Баймухамбетова  Сәулеш  Қуатқызы рақметін айтып, кері байланыс берді.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.