«Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету»  оқыту семинары өтті.

2021 жылғы 7 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен  инклюзивті білім беру бойынша «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету»  оқыту семинары өтті.

Семинар барысында қала мектептерінің инклюзивті білім беру бойынша жауапты тұлғаларына ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу барысында басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар толық көрсетіліп, соңғы енгізілген өзгерістер жайлы ақпарат берілді.

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА аға ғылыми қызметкері С.Исмагулова 2021-2022 оқу жылындағы  ерекшеліктерге тоқтала отырып, орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді  ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша сөз сөйледі.

Сонымен қатар семинар барысында  жас мамандар  Наурызбай Бекзат, Жаксыбекова Динара (№1 ППТК) және Айтбакина Асем (№59 МЛ) өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер  сыныптар көрсетті.

Осындай оқыту семинарлары ай сайын ұйымдастырылып, жалғасын таппақ.

Leave a Reply