«Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудағы құзыреттілік тәсілі және оны оқу барысында жүзеге асыру»

2022 жылдың 16 сәуірінде №59 мектеп-лицейінің ақпараттық алаңында ғылым апталығына арналған іс – шаралар аясында «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудағы құзыреттілік тәсілі және оны оқу барысында жүзеге асыру» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция “Білім беруді жаңғырту орталығы” МКҚК қолдауымен өтті.

Конференцияға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, Нұр-Сұлтан қаласының жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

Конференция қатысушыларына Нұр-Сұлтан қаласының №59 мектеп-лицейінің директоры Алма Алтынханқызы Жұмабекова құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның модераторы: Білім беруді жаңғырту орталығы жаратылыстану-математика пәндерінің әдіскері Шакирова Шарипа Химановна.

Конференцияның пленарлық отырысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері қатысып, баяндама жасады:

1. Жумагулова Зауре Абдыкеновна- Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ЖМБ және Stem-технологиялар пәндері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы.

2. Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы- Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

3. Мазбаев Орденбек Білісбекұлы- Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаратылыстану-математикалық бағыты және STEM-технология пәндері зертханасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор.

Баяндамашылар ЖМБ пәндерін зерттеудің маңызды мәселелерін атап өтті. Конференцияда 6 секцияның жұмысы ұйымдастырылды, онда тыңдаушылардың қызығушылығы мен полемикасын тудырған баяндамалар тыңдалды. 6 секция оқушыларға бөлініп, жас зерттеушілер ғылыми жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Бұл жаңа ұрпақтың бастамаларын тыңдау мүмкіндігі, жастар үшін оларды тыңдаудың, қолдау көрсетудің маңыздылығы.

Басқа секциялардағы баяндамашылар ұсынылған сұрақтарға авторлық көзқарасын көрсете отырып, тыңдаушыларға қолжетімді түрде өздерінің ғылыми ізденістерінің мәнін жеткізе алды. Мектептегі білім беруде ғылыми фактілерді практикалық қолданудың әртүрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінді. Секцияда ұсынылған мәліметтер оқушылардың географияны, биологияны, химияны, математика мен физиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін педагогтарымызға пайдалы тәжірибе болары сөзсіз.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндама жасаған қатысушылар сертификаттар алды. Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады.

Бүгінгі кездесу жас ұрпаққа ізденістер мен ғылыми жаңалықтар ашуға ынталандырады деп сенеміз!

Жауап беру