«Жас маман – 2021» клубына қабылдау

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ж.С. Маманованың ұйымдастыруымен 2021  жылғы 7 қазан күні №86 мектеп-гимназиясында жас мамандарды «Жас маман – 2021» клубына қабылдау, орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскелі отырған жас мамандарға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету және «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы», «Педагог мәртебесі туралы» нормативтiк құжаттармен таныстыру мақсатында «Жас маман – білім беруді жаңғыртудың негізгі тұлғасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған семинар өтті.

Семинарда «Тілдерді  дамыту және архив  ісі» басқармасының «Тіл саясатын үйлестіру» бөлімінің басшысы Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы  жас мамандарға кәсіби білімі мен шығармашылығын шыңдауда кеңестері мен ізгі ниетін білдірді. 

№86 мектеп-гимназиясының директоры Сыздықова Базаргүл Сағындыққызы семинардың өтілуі мен ұйымдастырылуына мұрындық бола отыра, жыл сайынғы жас маман клубының ашылуы салтанатының мектебінде өтілуіне үлес қосатындығын тілге тиек етті.

«Үздік пән мұғалімі – 2020» жеңімпазы атанған №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.С. Әділбекова жас мамандармен өткізілген тренинг барысында клуб мүшелерін тағайындап, олардың креативті ойлары мен жаңашыл пікірлерін жоспарға қосты. №48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Б. Илясова жас мамандармен жүргізілетін  тәлімгерлік жұмыс тәжірибесімен бөлсті. №85 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.С. Нұрбекова мен №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Ж. Толеубаева жас маманға қатысты негізгі құжаттарды жүргізу ережесі мен үлгісі туралы коучинг өтіп, жастарға бағыт-бағдар берді. Семинар барысында құрылған «Ізденіс» жас мамандар клубы білім саласындағы талантты да, талапты жастарды және кәсіби мамандарды бір арнаға тоғыстыра отыра, кәсіби деңгейін арттыруға қолдау көрсетініне сеніміміз мол.

Leave a Reply