Жас мамандардың  педагогикалық  кәсіптік шеберлігін  арттыру

  Ағымдағы жылдың 26 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының  ұйымдастыруымен №76 мектеп-лицейде  «Жас мамандардың  педагогикалық  кәсіптік шеберлігін  арттыру» тақырыбында  химия және биология пәндерінің жас мамандарына  әдістемелік коучинг-семинар өткізілді.

           Елорданың тәжірибелі ұстаздары №84 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Сулейменова Зуара Байгараевна, №70мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Сағатбекова Серікайша Кабылгазиновна, №76 мектеп-лицейінің  химия пәні мұғалімі Дәнебек Күлпан Тұрсынбекқызы, №18 мектептің химия пәні мұғалімі Сатыбалды Ұлдидар Нұрғалиқызы пән мазмұнындағы оқу мақсаттарының деңгейін, әртүрлі деңгейдегі  сұрақтар мен тапсырмаларды әзірлеу,сондайақ оларды мектептерде практика жүзінде қолданудың тиімді тәсілдеріне тоқталды.

          Коучинг барысында оқушыларды бағалауда бағалау әдіс-тәсілдерін ерекше назар аударуларына ықпал ете отырып, қалыптастырушы бағалауды жүйелі пайдалануларына  дағдыландыруды үйретті.  Оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдердің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруы қажет екендігін түсіндірді. Сонымен бірге жас мамандарға іс-тәжірибе жинақтауда кездесетін кедергілерді анықтау және оларды жою жолдарын айтып берді.

Коучинг –семинар қатысушылардың кәсіби шеберлігінің шыңдалуына, өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізді. Коучинг семинар соңында білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова  іс-тәжірибесімен бөліскен спикерлерге сертификат табыстады.

Жауап беру