ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Білім беруді жаңғырту орталығы білім беру саласындағы инфокоммуникациялық технологияларды дамыту, педагогикалық инновацияны қолдау және ынталандыру, педагогтердің білім саласына  қосқан үлесін анықтау  және тарату мақсатында жыл сайын әр түрлі деңгейдегі конкурстар ұйымдастырып отырады.

10-30 қазан аралығында қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, педагогтердің инновациялық және шығармашылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету мақсатында «Ұлы даланың дара ұстазы» конкурсы өткізілді.

Конкурс ережесіне сай І кезеңде қатысушы педагогтер «Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық еңбектеріндегі астарлы идеяны  талдап жазыңыз», «Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің атасы екендігін дәлелдеп жазыңыз», «Ыбырай және әлем педагогикасының  сабақтастығы туралы ой қозғаңыз», «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық еңбектеріндегі астарлы идеяны  талдап жазыңыз», «Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тұжырымына қатысты  көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз», «Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінің заманауи оқытудағы  орны туралы не  айтар едіңіз?» тақырыптарының біріне 450-500 сөзден тұратын эссе жазса, «Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» атты екінші кезеңінде Ы. Алтынсариннің шығармасы  бойынша 5-10 минуттық сахналық көрініс немесе шебер-сынып бейне-роликтерін түсіріп, бақ сынасты.

29.12.2021 ж. күні «Ұлы даланың дара ұстазы» қалалық сырттай конкурсының қорытындысы бойынша төмендегі педагогтер жеңімпаз аталып, Диплом және  сыйлықтар табысталып, конкурс жеңімпаздары марапатталды:

 І орын – №77 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имакова Лаура Оспановна;

ІІ орын – №8 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утепова Салиха Камбаровна;

ІІ орын – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтбадам Бауыржан Мағазұлы;

ІІ орын – №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенбина Айгуль Базарбаевна;

ІІІ орын – №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елжашева Айымгуль Бекболатовна

ІІІ орын – №48 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аренова Жамила Сабитовна.

Жеңістеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз! Ел болашағы алдындағы еңбектеріңіз елене берсін!

Жауап беру