ЖЕҢІСТЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес 10 қараша мен 13 желтоқсан аралығында жаңашыл, заманауи инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, зияткерлік даму деңгейі жоғары педагогтерді анықтау, озық іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында

«Педагог-инноватор» қалалық  конкурсы өткен болатын.

29.12.2021 ж. күні «Педагог-инноватор» қалалық  конкурсының қорытынды марапаттау рәсімі болып өтті. Конкурсқа 65 педагог өтініш беріп, конкурс ережесі бойынша І кезеңде педагог ешқайда жарияланбаған авторлық әзірленімдерін (оқу бағдарламасы, әдістемелік құрал, оқу-әдістемелік кешен,  әдістемелік нұсқаулық т.б.) ұсынса, ІІ кезеңде педагог озық инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өз сабағында тиімді қолдану іс-тәжірибесінен 10-15 минуттық (оқушылардың жаңа материалды меңгеруі көрсетілген шебер-сынып) бейнеролик әзірледі, ал ІІІ кезең бойынша  офлайн форматта екі кезеңнен өткен педагогтер өз пәні бойынша  білім сапасын арттыру және оны сапалы деңгейге көтеруде  әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуда оқытудың тиімді әдістерін табу мәселелері бойынша жоба қорғап, бақ сынасты.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші 65 педагог ортасынан оза шауып, өздерінің әр кезең бойынша білім, біліктерін, жаңашыл идеяларымен озық болған педагогтер анықталды:

І орын иегері – №57 орта мектебінің география пәні мұғалімі Қулметов Сарвар Юсупжанович   

ІІ орын иегері – №8 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Хуандаг Еркежан             

ІІ орын иегері – № 44 орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі Касенова Бахытжан Гомаровна   

ІІІ орын иегері – №38 мектеп-лицейінің  Бейсенбаева Нагима Амзеевна

ІІІ орын иегері – №57 орта мектебінің химия және биология пәні Абдырахманова Гулназия Султангалиевна   

ІІІ орын  иегері –         №87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алпанова Жанар Бейбітқызы 

Алғыс хат         иегерлері:

Ермагамбетова Айдын Кабдрашовна – №50 мектеп-лицейнің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мұғалімі    

Бозбаева Бейсенгүл Тілектесқызы – № 65  мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;   

Жумабаева Роза Зейнелгабиденовна –  – №74 мектеп-гимназиясының  бастауыш сынып мұғалімі; 

Омарова Шахмарал Ахметжановна       – №76 мектеп-лицейнің математика пәні мұғалімі;   

Сулейменова Зуара Байгараевна – №84 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.   

Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге  жеміс тілейміз!

Білім саласына сіңірген еңбектеріңіз еленіп, мәртебелеріңіз арта беруіне тілектеспіз!

Жауап беру