«Жобалау қызметі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандарының бірі» қалалық семинар

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жылдық жоспарына сай «№1 Арайы мектеп-интернаты» КММ педагогтерінің  іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2021 жылғы 02 қараша күні «Жобалау қызметі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандарының бірі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.  

Бүгінгі таңда жобалық технология білім беру үрдісінде ерекше орнын алады, іс-әрекет процесінде өзара білім дағдыларына байланысты әр түрлі негізгі құзіреттерді жүзеге асырады. Жобалық қызмет арқылы оқу процесінде оқушылардың белсенділігі, сондай-ақ дербес және бастамашылдығы, ұстанымдығы  қалыптасады.

Семинар барысында мектеп-интернат педагогтері келесі жобалар бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті:  шығармашылық шебер сынып «Менің отбасым», «Арнайы мектептегі кіріктірілген сабақтар», «Развитие познавательных процессов посредством проектной деятельности на коррекционных занятиях», «Орфограммы на фантиках», «Транспорт», «Кедергісіз келешек» (Үйде жеке тегін оқыту), «Театр для всех», қазақтың ұлттық қолөнері  «Киіз басу», «Арт-терапия арқылы балалардың  қарым-қатынасын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу», «Ұлттық тағам –  «Бауырсақ».

Семинар қатысушылары педагогтер көрсеткен шебер сыныптарға белсене қатысып, өз қолдарымен бауырсақ пісіру, киіз басу, ағаш ою т.б. жасап көрді.  Педагогтер  көрсеткен жобалық іс-тәжирибелерді өз жұмыстарында қолданатындарын айтып, семинарға оң бағасын берді.  

Іс-тәжірибе тарату мақсатындағы қалалық семинарлар өз жалғасын таппақ.

Leave a Reply